Bugin

Qushaq құшағына алған әр баланың тұлға болып қалыптасуына көмектеседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғамда түрлі санаттағы адамдар бар. Олардың бәрінің де өмір сүруге, кез келген адаммен бірге тең дәрежеде жұмыс істеп, тұлғалық жақтан дамуына толық құқылы.

Мектеп-интернаттарында оқып жатқан жастарды қолдау, оларды тегін білім, тәжірибемен қамтамасыз ету, психологиялық жақтан кеңес беріп отыру да негізгі мақсат-міндеттің бірі. 

Осы мәселеде Qushaq.kz бірлестігі қоғамдағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жастарды қолдау мақсатында үлкен жобаны ұйымдастырып, соған мұрындық болып жүр. Ақпараттық қолдау, әлеуметтік желі арқылы жастардың тыныс-тіршілігімен таныстырып, оларға үнемі қолдау білдіріп келеді. Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен және «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Интернаттан кейінгі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдау» жобасы жолға қойылып, сол жастармен нақты жұмыс басталды.

14-29 жас аралығындағы балалар үйінде тәрбиеленген түлектерге хабарласып, олардың қазіргі жағдайларын білу, көмек көрсету жұмыстары жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, 989 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға қоңырау шалынды. Оның 384 смартфондарының өшіп жатуына байланысты, нөмірлерінің басқа адамға тиесілі болуынан хабар алынбады. Ал 605 түлекпен хабарласып, олардың толық портреті анықталды. Бұдан бөлек 285 түлек осы жоба асында ұйымдастырылып отырған түрлі курстарға қатысып, білім және тәжірибе жинап отыр. 

Мәселен, 989 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға қоңырау шалынды. 384  - нің ұялы байланыс телефондары  өшірулі байланыстан тыс болды және ол нөмір басқа адамдарға тиесілі болып шықты. Қазіргі таңда телефондарын көтеріп байланысқа шыққандар  605  және  олардан толықтай ақпарат яғни, әлеуметтік портрет жиналды. Сонымен қоса 285 жоба аясында ұйымдастырылған әртүрлі курстарға қатысып отыр. 

Жастарға білім беруде атқарылған жұмыс қатарында курстар арқылы оқыту болды. Атап айтқанда, Түркияның Анкара қаласындағы @tamga.egitim "Тамға" білім беру орталығының жетекші мамандары түрік тілін кәсіби дәрежеде үйретіп отыр. Ал, ағылшын тілі бойынша білікті ағылшын тілі мұғалімдері шоғырланған №81 Астана ағылшын мектебімен екі жақты ынтымақтастық орнатылып, Qushaq.kz & English school деп, әзірге шағын бір жоба іспетті ағылшын тілін үйрететін орталық ұйымдастырылды. Мұндағы басымдық, құрамында шетелдік ағылшын тілі мұғалімдері бар іргелі мектептің жастарды 3 ай бойы оқытып, сапалы нәтиже беруіне жан-жақты жағдай жасалғандағы. Сонымен қатар, елімізге танымал дизайнер, @zeken_moda.kz отандық брендінің негізін қалаушы Қайролла Әбішевтің тігін орталығында жастар тігіншіліктің қыр-сырын меңгеруде.  

Осы жоба барысында төмендегі міндеттер орындалғанын баса айта кету керек: 

-Жобаны жүзеге асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жоспарын жасап, меморондумдарға қол қойылды;

-Жастарға арнайы ақпараттық, психологиялық көмек, құқықтық ақпараттар беретін сайт іске қосылды; 

- Сайтқа арнайы логин мен кілтсөз арқылы тіркелу үшін техникалық мүмкіндік жасалды;

- Сайт алаңында кәсіптік бағдар бойынша тестілеу ұйымдастыру. Нәтижесінде мінез-құлықтарының ерекшеліктері, қарым-қабілеттері, қандай салаға жақын екендігі, бойларында қандай талант бар екендігі анықталды;

- Сайтта ата-ана қарауынсыз қалған жасөспірімдерге мотивациялық бағытта тегін не арнайы жеңілдікпен оқытуға дайын ЖОО-дар, арнайы орта білім беру мекемелері, жұмысқа алуға дайын компаниялар, курсына, семинарына тегін не жеңілдікпен қатыстыртуға жұмыстар жасалып отыр;

- Сонымен қатар аталған сайтта ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар санатына жататын жастардың білуі тиіс маңызды ақпараттарын тұрғын үй мәселесіне көмек беру мақсатында Отбасы банк АҚ Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы басшылары және жауапты мамандарымен тұрақты жұмыс жасалынып отыр;

- Сайт негізінде жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, бос вакансиялары бар мекемелерді, сұранысқа ие мамандықтарды анықтау жұмыстары яғни, сілтемелері беріліп отыр.

Бұл жобаның басты мақсаты – білім басқармаларымен, білім бөлімдері, әкімшілік орындармен тығыз байланыс орнатып, жұмыс істеу. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды үйрету, тәрбиелеу, олардың қоғамдағы өз орынын табуда жанашыр азаматтармен бірігіп жұмыс істеу. Соның ішінде медиа тұлғалар, блогерлер мен БАҚ өкілдері арқылы жұмыстың нақты нәтижеге қарай бағыт алуын қамтамасыз етуге ұмтылу. 

Бұл іс-шаралардан көзделген нәтиже:

 - балалар үйінің және басқа мектеп-интернаттардың түлектері арасында қамкөңіл, өзін-өзі таппай жүрген жастар үлесінің төмендеуі;

- интернаттық мекемелерден кейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік бағдарлауға және қоғамда сұранысқа ие кәсіптер меңгеруіне көмек көрсету;

- интернаттан кейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға құқықтық кеңес беріп, олардың мемлекет және қоғам назарында екендігін ұғындыру және оны қадірлеуге үйрету;

Балалар үйінің және басқа мектеп-интернаттардың түлектері арасында жастарды әлеуметтендіру және бейімдеу.